40 инсульттік орталық өлім-жітімнің тұрақты түрде төмендеуіне ықпал етуде

Бұл туралы ҚР ДСӘД министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрліктің мәліметінше 2014 жылғы есеп бойынша балалар өлімі көрсеткіштері 16,4-ке, нәрестелер өлімі көрсеткіші 14,6-ға дейін төмендеген. Осылайша, Қазақстан аталған салада Мыңжылдықтың даму көрсеткіштеріне белгіленген мерзімнен бұрын қол жеткізді. Бүкіләлемдік банк бұл жетістіктерді ресми дерекқорына енгізіп, балалар өлімі көрсеткіші бойынша Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстанның ұстанымы елеулі түрде жақсарды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, адам денсаулығына ең алдымен оның өмір сүру салты, тұқым қуалаушылық және қоршаған ортасы әсер етеді.
Осыған байланысты өңірлік денсаулық сақтау мәселесі аса көңіл бөлуді талап етеді, сондықтан Мембағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі қаржыландыруды, медициналық көмекті өңірлік теңестіру, қазақстандықтардың сапалы және жоғары технологиялық медициналық көмекке әділ қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.
Осыған орай қажетті іс-шаралар қабылдап, мінез-құлық тәуекел факторларын (темекі шегу, ішікдікті асыра пайдалану, төмен дене белсенділігі, дұрыс емес тамақтану); экологиялық факторлардың денсаулыққа әсерін төмендету; таза ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету; ұнды дәрумендік-минералдық кешенмен байыту; репродуктивтік денсаулықты сақтау мәселелері бойынша арнаулы білім беру бағдарламаларын әзірлеу; оларды мектепке дейінгі, орта, жоғары және арнаулы орта білім беру жүйелеріне ықпалдастыру; 5 жасқа дейінгі балалар арасындағы әрбір бес өлімнің біріне себеп боп отырған балалар жарақаттанушылығын төмендету; денсаулықты сақтау және нығайту, дұрыс тамақтану мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру; тұрғындардың спорт кешендеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету; бұқаралық спортты дамыту; үкіметтік емес ұйымдарды тарту бағытында сектораралық өзара іс-әрекеттестікті арттыру керек.
Бұл іс-шаралардың барлығы әрі қарай да Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік береді делінген министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.