40 мың символға — 510 мың: Қаламгерлерге бұрын шықпаған кітабы үшін грант берілуі мүмкін

әдебиет
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM — Мәдениет және ақпарат министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында қаламгерлерді бюджет есебінен ынталандырудың жаңа форматтары туралы мәлімет ұсынды.

«Министрліктің архив, құжаттама және кітап ісі комитеті қазіргі таңда қаламгерлерге грант тағайындау мәселесін қарастыруда. Бүгінде қағидаларға түзетулер мен толықтырулар енгізілуде. Қағидалар жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында талқылану үшін жарияланған. Қазіргі таңда қағидалар жобасы тиісті мемлекеттік органдардың мақұлдауына жіберілді. Қағидалар күшіне енген жағдайда грант қаламгерлердің бұрын жарияланбаған кітаптарына тағайындалады. Грант мөлшері бір авторлық параққа (40 мың символға) 6 ең төменгі жалақы мөлшерінде (2024 жылғы ең төменгі айлық мөлшерімен есептегенде 510 мың теңге болады — ред.) қарастырылған», — деп жазады министрліктегілер.

Ведомство жауабында шығармашылық өкілдеріне мемлекеттік стипендиялар берілетіні де айтылған.

«Былтыр Президент өкімімен 75 мәдениет және өнер қайраткеріне мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия тағайындалды», — делінген жауапта.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram