40 мың доллар тұратын Құран (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей елінде ғаламтордағы бәссаудаға қасиетті Құран Кәрімнің қолжазбасы нұсқасы сатылымға қойылды, деп хабарлады www.muslim.kz.
Дағыстанның Дохадоев ауданындағы Харбук ауылындағы имамдық қызмет еткен Куран Гаджиге тиесілі бұл қолжазба - өте көне жәдігерлердің бірі.
Терімен қапталған қасиетті кітапты ол Мәдина шаһарынан әкелген көрінеді. Оқиға шамамен 1380-жылдары болған. XIX ғасырға дейін бұл кітап атадан балаға мұраға қалып, отбасылық құнды жәдігер ретінде сақталған.