40 отандасымыз Минскіден Қазақстанға оралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның 40 азаматы Беларусь елінен отанына оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.

40 отандасымыз Минскіден Қазақстанға оралды

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Беларусь Республикасының мемлекеттік органдарының бірлескен күш-жігерімен біздің 40 отандасымызды, оның ішінде кәмелет жасқа толмаған 6 баланы Қазақстанға қайтару жұмысы сәтті жүргізілді» делінген хабарламада.