40 тонналық жүк көлігі жүргізушісіз 10 шақырым жол жүрген
АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Германияда ауыр жүк көлігі жүргізушісіз 10 шақырым жол жүрген.
Оқиға Бад Раппенау мен Зинсхайм қалаларының аралығындағы А6 автобанында орын алды, деп хабарлады Baq.kz.
Жергілікті полиция өкілдерінің айтуынша, оқыс жағдай чехиялық жүргізушінің рөлде отырып есінен танып қалуы салдарынан болған. Алайда, 40 тонналық жүк көлігі автоматты бақылау жүйесі (круиз-контроль) арқылы өз «сапарын» жалғастыра берген.
Жүргізушінің ес-түссіз жатқанынан хабарсыз полицейлер үш жолақты автобанның екі жолағындағы жолды жауып, жүргізушіден қауіпті қозғалысты тоқтатуды талап еткен. Ал жүк көлігі болса, жол жиегінде тұрған кейбір құрылғыларды жанай бүлдіріп өткенімен, ауқымды апатты жағдайға тудырмаған. Ең бастысы, ешбір адам зардап шеккен жоқ. Кейін оны жүргізушілердің демалуы үшін жасалған тұрақ жанына келгенде тоқтатқан. Көлік иесі аса ауыр жағдайда ауруханада жатыр.