40 үндістандық тірідей жанып кетті

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Үндістанда автобус пен бензин тасымалдаушы көліктің соқтығысуынан 40 адам қаза тапты. Жолаушылар автобусында 48 адам болған.

40 үндістандық тірідей жанып кетті

Жол көлік оқиғасы салдарынан бензин тасымалдаушы көлік жанып кетті. Бұл оқиға Андхра-Прадеш штатында орын алды.

Автобус жекеменшік туристік компанияға тиесілі, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Ол Карнатака штатының Бангалор қаласынан Хайдарабадқа бара жатқан.