09:58, 02 Тамыз 2022 | GMT +5
40 жастан асқанда өзіңді басқаша сезінесің - Геннадий Головкин
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақтағы біріккен әлем чемпионы Геннадий Головкин Las Vegas Review Journal-мен әңгімелесу барысында Сауль «Канело» Альвареспен рингте алғаш кездескеннен кейінгі төрт жыл ішінде қандай өзгеріс болғаны туралы айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Боксшылар 17 қыркүйекте Лас-Вегаста үшінші рет жекпе-жекке шығады – бұл жолы Альварес екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын бәске тігеді.
«40 жастан асқанда өзіңді басқаша сезінесің және 35 жаспен салыстырғанда басқаша көрінесің. Менің жаңа жаттықтырушым бар. Біздің жаттығу процесіміз де басқаша. Соңғы төрт жыл оңай болмады. Төрт жыл — бұл төрт спорт маусымы. Кез келген командалық спорт түрін алыңызшы — футбол немесе баскетбол — соңғы төрт маусымда не өзгергенін қараңыз. Әсіресе мансабым аяқталатын кезеңде нақты айту қиын. Көп нәрсе айта беруге болады. Содан бері өзімде көп өзгеріс болды», - деді қазақстандық боксшы тілшіге берген сұхбатында.
Фото: sports.kz