40 жыл бұрын жоғалып кеткен адамдар джунглиден табылды. ВИДЕО
АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - 40 жыл бұрын жоғалып кеткен Вьетнам елінің тұрғыны ұлы екеуі джунглиден тірі табылды. Оларды орталықтағы провинция тұрғындары отынға барған кезде тауып алған, деп хабарлайды Би-Би-Си.
Ер адамдар орманнан жеміс-жидек теріп жеп тірі қалған, тіпті жүгері де өсіріпті.
82 жасар Хо Ван Тан мен 41жастағы Но Ван Лан 40 жыл бұрын өз ауылдарын бомбалағандықтан тастап кеткен.
Олар жерден 5 метрдей биіктікте ағаш лашық орнатып, сонда өмір сүрген. Осы уақытқа дейін олар өркениетпен байланыста болмаған.