400-ден астам әскери қызметші шетелде білім алуда
Халықаралық ынтымақтастық аясында бүгінде әр елдерде 400-ден астам әскери қызметші білімдерін жетілдіруде. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Атап айтқанда, шамамен 288 курсант пен офицер-тыңдаушылар Ресейде курстан өтуде, 67-сі Түркияда, 34-і Беларусьте, 19-ы Украинада, 7 курсант Үндістанда оқып жатыр.
Франция әскери атташесі подполковник Лионель де Ланжеронның Қазақстанға Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына (Алматы) сапары барысында қазақстандық әскери қызметшілердің аталған елде білім алуына мүмкіндік ашылатыны белгілі болды.
Франциядағы қорғаныс секторының өкілі әскери ЖОО басшылары, оқытушыларымен кездесуде сөйлеген сөзінде француздық өндірістегі байланыс құралдарымен оқыту курсын дамытуға (Францияда оқытуға) ұсыныс білдірді.