400-ден астам қазақстандық әскери қызметші шетелде даярлықтан өтуде (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әскери мамандарды шет мемлекеттердің әскери оқу орындарында даярлау - ҚР Қарулы Күштері қатарын біліктілігі жоғары кадрлармен толықтыру және кадрлар даярлау ісіндегі заманауи тәжірибені зерттеу жөніндегі шаралар кешенінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

400-ден астам қазақстандық әскери қызметші шетелде даярлықтан өтуде (ФОТО)

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Ресей, Беларусь, Түркия, Үндістан, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ және Ұлыбритания қорғаныс министрліктерінің жоғары оқу орындарында қазақстандық әскери қызметшілерді даярлауға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды ҚР ҚМ ресми сайты.

Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде осы елдерде білім алуға қазірдің өзінде 400-ден астам әскери қызметші жіберілген.

Сонымен қатар, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысушы-мемлекеттер үшін әскери кадрлар даярлау туралы келісім шеңберінде ҚР Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарында Тәжікстан, Қырғызстан және Армения әскери қызметшілері даярлықтан өтуде.