41 млн еуро жалған ақша жасаушы ұсталды

    АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда Неаполь провинциясындағы Торре-дель-Греко қаласында карабинерлер  41 миллион көлеміндегі 100 және 50 еуролық жалған банкноттарды тапты.

41 млн еуро жалған ақша жасаушы ұсталды

Оларды есептеу үшін 5 сағат уақыт қажет болды, деп хабарлайды euronews.

Пластикалық бактарға салынған 90 ақша бумасы   67 жастағы қала тұрғыны Аниэлло Ривеччионың сарайынан табылған. Ер адам тұтқынға алынды.  Айта кетер жайт, бұл оның бірінші рет қамалуы емес. Бұдан бұрын  Аниэлло жалған банкноттарды және оны жасайтын құрылғыларды сақтағаны үшін түрмеде жазасын өтеген.