41 жастағы азамат Алматыдан Араб Әмірліктеріне 25 мың доллар алып өтпек болды

АСТАНА.  14 қыркүйек. ҚазАқпарат - 12 қыркүйекте Алматы халықаралық әуежайында Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері декларацияланбаған шетелдік валютаны заңсыз алып өтудің жолын кесті.

41 жастағы азамат  Алматыдан Араб Әмірліктеріне 25 мың доллар алып өтпек болды

Аталған шара «Валюта» жедел-алдын алу шаралары аясында жүзеге асты, деп хабарлайды Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен. 

Атап айтқанда, кедендік тексерістер барысында Қазақстан Республикасының 1971 жылы туған азаматы ұсталды. Ол «Алматы-Шарджа» авиарейсі арқылы Біріккен Араб Әмірліктеріне декларацияланбаған 25 мың доллар сомасындағы қаражатты заңсыз алып кетпекші болған.  

Экономикалық контрабанданың осы фактісі бойынша бүгінгі таңда Алматы қалалық кедендік бақылау департаментімен тергеуге дейінгі тексерулер жүргізіліп жатыр.