42 500 теңге әлеуметтік төлемнен салық ұсталмайды - Еңбек министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 42 500 теңге әлеуметтік төлем азаматтардың есепшотына толық көлемде түседі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«42 500 теңге атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген кісілердің табысына кірмейді. Оның табыс ретінде есептелмейтіндігін сіздерге нақты айтамын. 42 500 теңге алғандар болашақта зейнеткерлікке шыққанда бұл уақыты еңбек өтілі ретінде есептеледі. Заңға мұндай өзгеріс енгізілген», - деді ол.

Оның айтуынша, 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемнен салық, зейнетақы төлемдері ұсталмайды.

«Кейбіреулер «қолға 42 500 теңге түспейді екен» деп айтып жүр. Толық түседі. Ешқандай салық та, алым да ұсталмайды және одан несие қарызы, коммуналдық қарыздарды ұстауға болмайды. Сізге 42 500 теңге тағайындалса, онда сол сома есепшотыңызға түседі», - деді министр.

Біржан Нұрымбетов бір отбасыда 3-4 адамда төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылса, онда олардың барлығы да 42 500 теңге әлеуметтік төлем алатындығын баса айтты.


Соңғы жаңалықтар