42 500 теңге: SMS алдым және оған не деп жауап беруім керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1414 нөмірінен 42 500 теңгені тағайындау туралы SMS алдым және оған не деп жауап беруім керек? Бұл сұраққа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

42 500 теңге: SMS алдым және оған не деп жауап беруім керек

«Егер Сіз 42 500 теңге көлемінде біржолғы төлем алуға келіссеңіз, жауап ретінде «1» нөмірін жіберуіңіз керек. Егер бас тартсаңыз, «2» санын енгізіңіз», - делінген министрлік жауабында.

Еске салсақ, бұған дейін Еңбек министрлігі 42 500 теңге қатысты жиі қоятын сұрақтарға жауап берген болатын.