42 500 теңге төлемді қанша азамат екінші рет алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7 мамырдағы жағдай бойынша 2,1 млн қазақстандық төтенше жағдай режимі кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемді екінші рет алды.
None
None

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұған дейін хабарлағандай, төлемді есептеу үшін алғашқы ай ретінде 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығындағы уақыт есептеледі. Екінші ай — 16 сәуірден 11 мамырға дейінгі аралық.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қашан жасалғанына қарамастан), төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, 42 500 теңге төлемге екінші айда үміткер бола алады.

Естеріңізге сала кетейік, 42 500 теңге төлемі енгізілген сәттен бастап оны 4,5 млн адам алды.


Соңғы жаңалықтар