10:22, 12 Желтоқсан 2014 | GMT +5
42 адамды өлтірген қылмыскер қолға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиялық полицейлер соңғы 10 жылда Рио-де-Жанейрода 40-тан астам адамды өлтіргенін мойындаған ер адамды ұстады.
Сайлсон Жозе дас Грасас сәрсенбі күні, Рио маңында әйелді соғып өлтіргені үшін ұсталған, деп хабарлады BBC.
Кейін ол тағы 37 әйел, үш ер адамды және екі жасар қызды өлтіргенін айтқан.
Globo арнасында көрсетілген полицейлермен әңгімесінде ол адамды өлтіруді жалғастырғысы келетінін, сондай-ақ ол түрмеден шыққан соң да бұл ісін жалғастыратынын жеткізді.
Полиция жапа шеккендердің мүрделерін іздестіруде, әзірге 4 адамның мәйіті ғана табылды.
Сайлсон Жозе дас Грасас шашы ашық түсті нәзік жандыларды буындырып өлтіруді қалайды екен. Оның айтуынша, бірнеше ай бойы өзінен жапа шеккендерді бақылап, кейін оларға шабуыл жасайтын көрінеді.