42 жастағы Тараз тұрғынынан екі қап марихуана табылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласының тұрғынынан 23 келіден астам кептірілген марихуана табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Жамбыл облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 42 жастағы Тараз қаласының тұрғының ұстады. Одан екі қап кептірілген марихуана табылды. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Табылған есірткі затының салмағы 23 келіден асады.

«Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Ол Тараз қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген ведомство хабарламасында.



Соңғы жаңалықтар
Референдум