№43 және №27 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы ұзартылады
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Елордада 4 және 5 шілдеде сағат 10:00-ден 15:00 ге дейін № 43 және №27 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы қаланың орталығынан «Қазанат» астаналық ипподромына дейін ұзартылатын болады.
Астана әкімдігінің мәліметіне қарағанда, елорда күнін мерекелеу аясында осы күндері ат спортынан ҚР Президентінің Кубогы және Әлем Кубогына халықаралық жарыстар өткізіледі.