44 адам ажал құшқан пойыз апатынан кейін Иран темір жолының басшысы отставкаға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран мемлекеттік темір жол компаниясының басшысы елдің солтүстігінде екі пойыздың соқтығысуы ісі бойынша 3 қызметкері қамауға алынғаннан кейін отставкаға кетті.
Апаттың орын алуына «адам қателігі» себеп болған. Диспетчер құрама машинисінің біріне автоматты бақылау жүйесін сөндіруді тапсырады. Егер бұлай болмаған жағдайда бұзылып, тоқтап тұрған пойызға соқтығысудың алды алынар еді.
Соңғы деректерге қарағанда, апат салдарынан 44 адам қаза тапқан.
Бұдан бұрын, 25 қарашада Семнан провинциясындағы Шахруд қаласына жақын маңда жолаушылар пойызы стансада тұрған құрамамен бетпе-бет соқтығысқаны хабарланған болатын. Салдарынан 4 вагон рельстен шығып кетіп, оқиға орнында өрт болды.