44 турист мінген автобус құздан құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік-батыс Қытайдағы Тибет тауларында туристер мінген автобустың құздан құлауы салдарынан 11 адам жараланып, 44-і қаза тапты, деп жазады Lenta.ru «Синьхуа» агенттігіне сілтемемен.
Апат сенбі күні Тибет автономды ауданының Ньемо округінде жергілікті уақыт бойынша 16:25-те орын алған. Автобус әуелі жол талғамайтын көлікке соғылып, содан кейін биіктігі он метрден асатын құздан ұшып кеткен.
Барлық жапа шегушілер Лхаса ауруханасына жеткізілді. Көлік апатының нақты неден орын алғаны осы уақытқа дейін анықталған жоқ.