45 адам суға батып кетті — Құтқарушылар маусымға дайын ба

Суға батып кетті
Фото: ТЖМ

АСТАНА. KAZINFORM — Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы туралы айтып берді.

«Жыл сайын жүздеген адам суға кетіп қаза табады. Қайғылы жағдайдың басым бөлігі жаз мезгілінде болады. Жыл басынан бастап 45 адам, ал 1 маусымнан бері 27 адам суға батып кетті», — деді ТЖ министрі Үкімет отырысында. 

Сондай-ақ, министрліктің халықты қорғау шаралары нәтиже көрсетіп, 2020 жылдан бері судағы адам өлімінің саны 437-ден 227-ге дейін азайды.

«Қазір су айдындарында министрліктің 42 құтқару бекеті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Келесі жылы Шалқар, Имантау көлдерінің бойында және Қосшы қаласында 3 модульдік станцияның құрылысы аяқталады. Бірақ ірі су қоймаларына 15 станция жеткіліксіз», — дейді Ш. Әрінов. 

Оған қосымша жазғы кезеңде қайықтармен және құтқару құралдарымен жабдықталған мобильді посттар қойылады.

Олар су айдындарына кезекшілік пен патрульдеу жүргізіледі.

Атап айтқанда, министрліктің құтқарушылары жыл басынан бері — 76 адамды, шомылу маусымы басталғалы — 24 адамды құтқарып қалған. 

«Құтқару бөлімшелерін жабдықтауға қатысты проблемалар бар, қолда бар қайықтардың көбі жарамсыз күйде. Қазір заманауи катерлер, жүзу құралдарын және дрондарды жоспарлы түрде сатып алудамыз. Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында Ұлттық теңіз жасағын құру жұмысы жүріп жатыр», — деді спикер.

Соңғы жаңалықтар
telegram