45 күнге 50 АЕК-ке дейінгі шағын несиеге тыйым салынбақ

несие
Фото: ашық дереккөзден

Микроқаржы ұйымдарының тұтыну несиесі портфеліндегі онлайн-кредиттердің үлесі 197 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Мәжілісте «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржы сауаттылығын арттыру» тақырыбындағы Парламент тыңдауында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазір агенттік 45 күндік мерзімге және 50 АЕК-ке дейінгі сомаға шағын несиенің ерекше түрін толығымен алып тастау мәселесіне бастамашы болды. Бұл ретте, онлайн-несие беретін компаниялар жұмысын жалғастыра береді, яғни барлық микрокредиттік ұйымдар үшін белгіленген бірыңғай мөлшерлеме бойынша кез келген кезеңге шағын несие бере алады», – деді М. Әбілқасымова.

Оның сөзіне қарағанда, несиенің проблемалық портфелінде ең көп кредит беру онлайн-несие сегментінде байқалған.

«1 қыркүйектегі жағдай бойынша микроқаржы ұйымдарының тұтыну несиесі портфеліндегі онлайн-кредиттердің үлесі 197 млрд теңгені құрады. Алайда қарыз алушылар саны 1 млн 91 мың адамға жетті. Атап айтқанда, 37 млрд теңге сомасындағы проблемалық шағын несие 297 адамда тиесілі», - деді агенттік басшысы.

Мұндай онлайн-несиелер қашықтан рәсімделіп, беріліп жатады.

Соңғы жаңалықтар