Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

45 млн көлік: елдегі ең көп пайдаланылатын ақылы жолдар аталды

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылдың алғашқы жеті айында Қазақстандағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарында 45 млн-ға жуық көлік жүріп өту фактісі тіркелді. Ең жоғары қозғалыс қарқыны Алматы – Қонаев, Шымкент – Өзбекстан шекарасы және Шымкент – Тараз бағыттарында байқалды. 

ақылы жол
Фото: ҚазАвтоЖол

ҚазАвтоЖол 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 шілде аралығындағы ақылы жолдардағы көлік қозғалысының қарқындылығына талдау жүргізді. Жеті айдың қорытындысы бойынша аталған бағыттарда барлығы 44 954 050 көлік жүріп өту фактісі тіркелген.

Көлік ағыны бойынша Алматы – Қонаев учаскесі көш бастап тұр. Жеті ай ішінде бұл бағытта 7 149 537 көлік жүріп өткен. Бұл жалпы көрсеткіштің шамамен 16%-ын құрайды. Тәулігіне орта есеппен 33,7 мыңға жуық көлік қатынаған.

Екінші орында Шымкент – Өзбекстан шекарасы бағыты – 5 463 475, үшінші орында Шымкент – Тараз учаскесі – 3 784 782 көлік.

Алғашқы бестікке сондай-ақ Тараз – Қайнар – 3 289 935 және Шымкент – Қызылорда – 2 736 666 көрсеткішімен енді.

Жалпы статистика көлік қозғалысының ең жоғары қарқыны Алматы агломерациясы мен елдің оңтүстік өңірлерінде қалыптасқанын көрсетеді. Тек төрт оңтүстік бағытта – Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар және Шымкент – Қызылорда жолдарында жиынтық есеппен 15,2 млн-нан астам көлік жүріп өткен.

Елорда мен өңірлерді байланыстыратын бағыттарда да қозғалыс қарқыны жоғары. Астана – Теміртау учаскесінде 2 293 893, Астана – Щучинск бағытында 2 219 653, ал Астана – Павлодар жолында 1 401 004 көлік тіркелді.

2026 жылғы қаңтар–шілде аралығындағы ақылы жолдардың толық рейтингі:

1. Алматы – Қонаев — 7 149 537;
2. Шымкент – Өзбекстан шекарасы — 5 463 475;
3. Шымкент – Тараз — 3 784 782;
4. Тараз – Қайнар — 3 289 935;
5. Шымкент – Қызылорда — 2 736 666;
6. Астана – Теміртау — 2 293 893;
7. Астана – Щучинск — 2 219 653;
8. Қонаев – Талдықорған — 2 178 708;
9. Тараз қаласының айналма жолы (Қайнар – Шымкент) — 1 644 729;
10. Қостанай – Денисовка — 1 535 147;
11. Щучинск – Көкшетау — 1 520 485;
12. Алматы – Қорғас — 1 500 567;
13. Астана – Павлодар — 1 401 004;
14. Көкшетау – Петропавл — 1 075 805;
15. Қызылорда – Арал — 1 064 024;
16. Балқаш – Бурылбайтал — 942 450;
17. Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор бағыты) — 779 128;
18. Павлодар – Семей – Қалбатау — 746 120;
19. Шу – Бурылбайтал — 607 895;
20. Қостанай – РФ шекарасы (Троицк бағыты) — 529 273;
21. Қандыағаш – Мақат — 513 960;
22. Павлодар – РФ шекарасы (Омбы бағыты) — 488 527;
23. Орал – РФ шекарасы (Самара бағыты) — 382 265;
24. Орал – РФ шекарасы (Саратов бағыты) — 323 829;
25. Үшарал – Достық — 315 019;
26. Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал — 207 661;
27. Талдықорған – Өскемен — 136 056;
28. Бейнеу – Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) — 87 198;
29. Бурылбайтал – Күрті — 36 259.

Рейтинг географиясы ақылы жолдар желісінің еліміздің барлық дерлік өңіріндегі негізгі көлік бағыттарын қамтитынын көрсетеді. Олардың қатарында оңтүстік пен шығыстағы халықаралық дәліздер, солтүстік және батыс өңірлерді Ресей Федерациясымен байланыстыратын бағыттар бар.

Солтүстік өңірлерде елордалық бағыттардан бөлек, Қостанай – Денисовка, Щучинск – Көкшетау және Көкшетау – Петропавл жолдарында көлік ағыны жоғары. Павлодар өңірінде Астана – Павлодар, Павлодар – Семей – Қалбатау және Павлодар – РФ шекарасы бағыттары белсенді пайдаланылуда.

Батыс өңірлерде Ақтөбе – РФ шекарасы, Қандыағаш – Мақат, Орал – РФ шекарасы (Самара және Саратов бағыттары), Бейнеу – Ақжігіт жолдары жоғары сұранысқа ие.

Шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттарында Алматы – Қорғас, Қонаев – Талдықорған және Үшарал – Достық автожолдарында айтарлықтай көлік қозғалысы тіркелді.

Бұл ретте үш жаңа ақылы жолдың көрсеткіштерін бөлек қарастырған жөн. Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал және Бурылбайтал – Күрті учаскелерінде ақылы режим 2026 жылғы 10 шілдеден, ал Талдықорған – Өскемен бағытында 11 шілдеден бастап енгізілді. Сондықтан аталған учаскелер бойынша көрсеткіштер шілде айының бір бөлігін ғана қамтиды және жеті ай бойы ақылы режимде жұмыс істеген жолдармен тікелей салыстыруға келмейді.

Айта кетелік жаңа ақылы жолдармен бір айда жарты миллионнан астам көлік өтті