09:15, 27 Қаңтар 2009 | GMT +5
45 жастағы ер азамат оқтұмсықты аралап жатқан кезде, ол кенеттен атылып кетті
АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат - Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Матыбұлақ ауылында 45 жастағы ер азамат 122 мм оқтұмсықты арамен кесіп жатқан кезде, ол кенеттен атылып кетіп, көрші үйді зақымдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әлгі азамат оқтұмсықты өз үйінің ауласында түс кезінде аралап жатқан. Құдай сақтап, ешкім зардап шекпеген. Кейіннен саперлар үйдің ауласынан тағы 16 оқтұмсық тапқан. Саперлар табылған оқтұмсықтардың барлығын жою үшін алып кетті.