12:12, 03 Маусым 2009 | GMT +5
47 есірткі арнасы, 21 есірткі бизнесімен айналысқандар тобы жойылды ? ҰҚК
АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері 47 есірткі арнасын жойып, заңсыз айналымнан 1,5 мың тонна есірткілік заттар тәркіледі.
Бұл туралы бүгін журналистерге брифинг барысында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Бас штабы бастығының орынбасары Кенжеберген Әбікеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекарадан есірткі заттарын заңсыз өткізбек болған 221 фактінің алдын алды. Комитет қызметкерлерінің атқарылған шаралары нәтижесінде биыл есірткі бизнесімен айналысқан 21 топтың жолы кесілді. «Тәркіленген 1,5 мың тонна есірткі заттарының ішінде 229 килә героин, 80 килә гашиш бар. Сондай-ақ жүздеген түйір синтетикалық заттар алынған. Героиннің өзі 1 млн. 145 мың рет қабылдауға жетер еді. Бұл жүздеген адамның өмірлерін сақтап қалуға себеп болды», - деді К.Әбікеев.