48 сағат ішіндегі үшінші оқиға: Air India ұшағы қонғаннан кейін өртенді
АСТАНА. KAZINFORM – Гонконгтан Нью-Делиге ұшып бара жатқан Air India әуе компаниясының ұшағы Индира Ганди атындағы халықаралық әуежайға қонғаннан кейін көп ұзамай өртенді, деп хабарлайды NDTV.
Әуе компаниясының мәліметінше, өрт шыққаны жолаушылар ұшақтан шығып жатқан кезде анықталған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Air India әуе компаниясының хабарлауынша, Airbus A321 ұшағына зақым келген. Ұшу тергеуге дейін тоқтатылды. Air India тоғыз қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін соңғы алты айда тоғыз ескерту алды.
Бұл әуе компаниясы үшін соңғы 48 сағаттағы үшінші қауіпті оқиға болды.
21 шілдеде Кочи-Мумбаи рейсі қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Сол күні Нью-Дели-Калькутта рейсі ұшуын соңғы минутта тоқтатты. Кейін әуе компаниясы «техникалық ақау» анықталғанын мәлімдеді.
Бұған дейін Air India әуекомпаниясының Boeing 787 Dreamliner ұшағы Ахмедабад қаласындағы Сардар Валлабхбхая Патела халықаралық әуежайынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырағанын жазған болатынбыз.