489 педагогикалық грант қандастарға бөлінді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға арналған квота - қандас квотасы 4%.
Жалпы бөлінген гранттың 4%-ы қандастарға беріледі. Мысалы, 2026 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 12 228 грант бөлінген, оның ішінде 489 грант немесе 4%-ы қандастарға арналған.
Бұл квота бойынша грант конкурсына қатысу үшін қандастарұлты «қазақ» екенін растайтын шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжатын немесе ықтиярхат ұсынады. Атап өтсек, қандастар үшін грант конкурсына қатысуға ҰБТ-ның шекті балдары бекітілмеген.
Айта кетелік Қазақстан қандас студенттерге қандай жеңілдік ұсынатыны туралы жазған едік.