49 әскеридің ұшақ апатынан қаза болуына байланысты Днепропетров облысында қаралы күн жарияланды
АСТАНА. қазАқпарат - Украинаның Днепропетров облысында бортында 49 жолаушысы болған Ил-76 ұшағының Луганскіде апатқа ұшырауына байланысты маусымның 15 мен 16-сы қаралы күн деп жарияланды.
«14 маусымда әскери қызметкерлердің Днепропетров облысында қаза болуына байланысты маусымның 15-сі мен 16-сы қаралы күн деп жариялансын», - делінген облыстық әкімшілік басшысының өкімінде.
Қаралы күндері облыстың барлық әкімшілік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында Украинаның туы түсіріледі. Еске сала кетейік, Украинаның Днепропетров облысы Луганск ауданында жұмадан сенбіге қараған түні Ил-76 әскери-көліктік ұшағы апатқа ұшырауына байланысты Украина 49 әскери қаза болғанын жариялады. Украиндық қорғаныс министрлігінің мәліметтері бойынша, ұшақ жерге қонбақ болған сәтте оған зенитті қондырғы мен ірі калибрлі пулеметтен оқ жаудырған. Қорғаныс министрлігі ұшақ бортында әскери қызметкерлер, техника, керек-жарақтар мен азық-түлік болғанын мәлім етті.