5-11 мамырдың аралығында Алматыда 7 балдан жоғары жер сілкінісі күтілмейді - мамандардың болжамы

«Сейсмология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» мекемесінің болжам жасау комиссиясы 27 сәуір мен 3 мамырдың аралығындағы сейсмологиялық бақылаулардың материалдарын қарап шыққаннан кейін осындай қорытындыға келіп отыр , - деп хабарлады Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінен.
Аталған кезеңде бұл аумақта жер сілкінісі 1 мамыр күні сағат 08.31-де Алматының солтүстігіне қарай 75 шақырым жерде - Қапшағай көлінің оңтүстік жағалауында тіркелген болатын.
Жер сілкінісі аумақтың сейсмикалық аудандастыру картасының 8 балдық аумағында және 2011 жылға жасалған қысқамерзімдік болжам картасында көрсетілген учаскеге жақын жерде орын алған. Дүмпулер Алматыда - 4 балдық, Талдықорғанда 3-4 балдық шамада сезілген және олардың соңынан бірнеше афтершоктар болған.