5,5 миллионнан астам теңгенің талап-арызы мәмілемен бітті - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазақ саңыраулар қоғамы Орал оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС мәдениет және демалыс саябағында ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындағаны үшін ақы төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамаған «Жәнібек аудандық демалыс орталығы» МКҚК-дан 5,592 млн теңге және мерзімінде өтелмеген 218,088 мың теңгені өндіру туралы БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз түсірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

5,5 миллионнан астам теңгенің талап-арызы мәмілемен бітті - БҚО

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сот талқысы барысында тараптар медиациялық келісімге келді. Яғни сол бойынша жауапкер берешегін өтеп, ал талапкер арызынан бас тартады.

Сот ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 174-177, 194 және 277-бабы 2-тармағын басшылыққа ала  отырып, ерікті түрде жасалған, заңға қайшы келмейтін медиациялық келісімді бекітіп, істі қысқартты.