5,5 млрд теңгені ысырап еткен шенеунікке 345 мың ғана айыппұл сала аламыз – Наталья Годунова

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова сырттан беталды қарыз тартатын шенеуніктерді жазалау шарасының пәрменсіздігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске лауазымды тұлғалардың сыртқы қарызды тиімсіз игергені және игермегені үшін әкімшілік жауапкершілік артатын норма енгізілген. Оның көлемі 100 айлық есептік көрсеткіш деп белгіленген. Бүгінде 100 АЕК деген 345 мың теңге. Біз талқылаған есепті кезеңді қамтитын 2022 жылы сыртқы қарыз есебінен 9 жоба іске асқан. Сол кезде 112 млн доллар кері қайтарылды. Сәйкесінше сол қарызды резервтеу үшін мемлекет 12 млн доллар төледі», - деді палата төрағасы.

Айтуынша, осындай қателікке жол берген лауазымды тұлғаға салынатын айыппұл бюджетке келген шығынға сай емес.

«12 млн доллар дегеніміз - 2022 жылғы валюта бағамы бойынша 5,5 млрд теңге. Қазір біз мемлекеттік қарызға аудит жүргізуді жоспарлап отырмыз. Күзде оның қорытындысын Парламентке айтамыз. 2022 жылдың қорытындысы бойынша ғана айтқанның өзінде мемлекет бюджеттен жоғалтқан 5,5 млрд теңге үшін базбіреуге 345 мың теңге ғана айыппұл саламыз», - деді Наталья Годунова.


Соңғы жаңалықтар