5,5 мыңға жуық ақмолалық Жеңіс күніне орай материалдық көмек алады

«Өңірде бір реттік төленетін материалдық көмектің сомасы анықталды: Екінші дүниежүзілік соғыстың мүгедектері мен қатысушыларына 76 АЕК көлемінде, яғни 172 400 теңге төленеді. Көкшетау қаласында бұл төлемнің сомасы 200 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, Ауған соғысы мен Чернобыль апатының мүгедектері, Венгриядағы оқиғаның қатысушылары, бұрынғы КСРО-ны қорғау барысында мүгедек болып қалған әскери қызметшілер, концлагерь тұтқындары, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалі және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» төсбелгісімен марапатталғандар, соғыс жылдары қаза тапқандардың жесірлері және т.б. тұлғалар бір реттік материалдық көмек алатын болады», - делінген хабарламада.
Ақмола облысы бойынша бір реттік көмек көрсету үшін жергілікті бюджеттен 63 млн теңге бөлініп, 5488 адамға беріледі.
Қазіргі таңда өңірде 3668 Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен мүгедектері, Соғыс жылдары тылда еңбек еткен 176342 адам, концлагерьдің, геттоның және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған 548 тұтқыны, соғыс кезіндегі әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын жұмыс істеушілердің, қаза тапқандардың екінші рет тұрмыс құрмаған 110 жесірі, қаза тапқан соғыс мүгедектерінің 9386 жұбайы тұрады.