5-7 жылдан кейін мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының локомотивіне айналады - бірінші вице-премьер С. Ахметов

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - 5-7 жылдан кейін мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының локомотивіне айналады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары С. Ахметов айтты.

5-7 жылдан кейін мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының локомотивіне айналады - бірінші вице-премьер С. Ахметов

«Биыл Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы ауыл шаруашылығы дақылдарын егу алқаптарының құрылымы мен еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін әртараптандыруға тағы бер рет ерекше назар аудартты. Елбасының тапсырмасын орындау аясында Үкімет агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі дамыту үшін тиісті шараларды қолға алған және жалғастыруда, - деді С.Ахметов Петропавлдағы кеңес барысында.

Оның сөзіне қарағанда, биыл ауыл шаруашылықты қолдауға мемлекеттен 69 млрд. теңге бөлінеді. 

«Мал шаруашылығын дамытуда жетекші қожалықтар көз жеткізгендей, мемлекет мал шаруашылығын қолдау бойынша теңдессіз шараларды қолға алуда және біз асыл тұқымды мал басы санының көбейгенін, қандай жаңа қожалықтар пайда болып жұмысын кеңейтіп жатқандығын көріп отырмыз», - деді бірінші вице-премьер С.Ахметов. 

«Мемлекеттің көрсетіп отырған жүйелі қолдауының арқасында 5-7 жылдан кейін мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының локомотивіне және өзін-өзі реттейтін салаға айналады», - деді С. Ахметов.  - Дегемен бұл жерде мал дәрігерлігін дамыту ретінде қуатты сүйеніш керек. Сондықтан да біз Үкіметте осы саланың әрі қарай дамуы мен жетілдіруі бойынша мәселені қарастырудамыз.