5 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 5 ақпанға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

null

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1945 жылы Алматыда алғашқы қазақ консерваториясы ашылды.

2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің және оның меншігінің иммунитеті, аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

2010 жылы Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің резиденциясында даңқты қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлы туралы «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері болды.

Жинақта Бауыржан Момышұлының Мәскеу мұрағаттарында сақталған, бұрын жарияланбаған жазбалары, сұхбаттары, суреттері, сондай-ақ майдангер-достары - Мәлік Ғабдуллиннің, Дмитрий Снегиннің естеліктері бар.

2014 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Аддис-Абеба қаласында (Эфиопия Федеративті Демократиялық Республикасы), Мехико қаласында (Мексика Құрама Штаттары), Әл-Кувейт қаласында (Кувейт мемлекеті) Қазақстан Елшілігін ашу туралы Жарлыққа қол қойды.

2014 жылы жас шахматшы Жансая Әбдімәлік ФИДЕ рейтінгінде 89-орынға көтеріліп, алғаш рет әлемнің үздік шахматшыларының «жүздігіне» кірді. «Жүздікке» кірген 14 жасар Әбдімәлік Динара Сәдуақасовадан 15 саты алға шығып, Қазақстанда нөмір бірінші шахматшы атанды.

2015 жылы Түркияда «Dünya» жетекші экономикалық газетінің Қазақстан Республикасының жетістіктеріне арналған «Қазақстан» атты арнайы саны жарық көрді. Мұнда Қазақстанның жетістіктері туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар мен мақалалар, сонымен қатар ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидалары және «Астана-ЭКСПО-2017» туралы ақпараттар қамтылған.

2016 жылы Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік Аспан астында» атты 10 сериялы ғылыми-танымдық деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты мен «Мерген» студиясы түсірді. Бұл бірегей жоба Н. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабы негізінде Қазақ хандығының мерейтойына арнайы даярланды. «Мәңгілік Аспан астында» фильмінде елдің басты тарихи оқиғалары барынша қамтылған.

Фильмнің әр сериясы өз алдына туынды, яғни онда көшпелі халықтардың ежелгі заманнан бергі дүниетанымы жайлы, әлемдік өркениет , ұлы жетістіктер мен жаңалықтар, сондай-ақ өзге де құндылықтар көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Соңғы жаңалықтар