5 ақпан. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 5 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None

ЕСІМДЕР

66 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасының саяси және қоғам қайраткері Бейбіт Баймағамбетұлы МАМРАЕВ дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

Еңбек жолын орта мектепте мұғалімдіктен бастап, Қарағанды және Алматы қалаларының жоғары оқу орындарында оқытушы болады. Ұзақ жылдар ҚР Ұлттық ғылым академиясында қызмет атқарып, Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары болған. 2000 жылдан бастап – ҚР Президенті Әкімшілігінің білім және ғылым секторының меңгерушісі, 2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесшісі, 2006 жылы – Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2008 жылдан бастап – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры қызметтерін атқарды. 2012-2016 жылдары Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры болған. VI шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы (2016-2021).

«Құрмет» (2011) орденімен және бірнеше медальмен марапатталған.

58 жыл бұрын (1965) Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің үйлестіру қызметі төрағасының орынбасары Наиль Файызрахманұлы АЛДАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. 1987 жылы Ф.Э. Дзержинский атындағы КСРО МҚК Жоғары шекара командалық училищесін, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын, 2018 жылы «Беларусь Республикасының Әскери академиясы» білім беру мекемесінің Қарулы Күштер Бас штабының факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолы: 2015-2018 жылдары – ҚР ҰҚК-де шекара заставасының бастығы, шекара комендатурасының коменданты, жасақ бастығы, шекара қызметі бастығының орынбасары, өңірлік басқарма бастығы, директор орынбасары.

2019 жылдан бастап – қазіргі қызметінде.

КСРО, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы үкіметтік мен ведомстволық наградаларымен марапатталған.

54 жыл бұрын (1969) жазушы, мәдениеттанушы, журналист Дидар АМАНТАЙдүниеге келді.

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. 1986 жылы Қазақ политехникалық институтына түседі. 1989-1994 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетін үздік бітірген. 1994-1997 жылдары Театр және кино институтын кинодраматург мамандығы бойынша үздік бітіріп шығады.

1987-1989 жылдары «Жас алаш», «Заман Қазақстан» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1997-2002 жылдары – «Хабар» агенттігінде бағдарлама редакторы, «Майдан» ток-шоу редакторлар бөлімінің жетекшісі, «Бетпе-бет» бағдарламасының жүргізушісі. 2002-2004 жылдары – «Зерде» жобалау тобының жетекшісі. 2004 жылы – Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы. 2005-2006 жылдары – «Ел мен жер» және «Азамат кz» газетінің директоры. 2004-2008 жылдары – «Начнем с понедельника» газетінің бас директоры және бас редакторы. 2008 жылы – іскерлік «Азамат» газетінің директоры. 2006-2008 жылдары – «31 арнаның» «Абайтану» және «Замандастар» телевизиялық бағдарламаларының авторы және жүргізушісі. 2009-2016 жылдары – Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы. 2016 жылдан – «Қазақстан-Семей» РТРК АҚ филиалының директоры.

Алғашқы кітабы 1996 жылы «Постскриптум» деген атпен жарық көрді. Кейіннен «Қастерле мені» (2000), «Гүл мен кітап» (2003), «Күзгі рандеву» (2005) кітаптарымен қатар, «Нұрғиса Тілендиев», «Әлжаппар Әбішев» деректі фильмдерінің, «ФЭФ» көркем фильмдерінің сценариін жазған.

«Дарын» мемлекеттік Жастар сыйлығының (1999), Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2007).


Соңғы жаңалықтар