5 ақпанда елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 5 ақпан күні өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады. 

5 ақпанда елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
Фото: Kazinform

АСТАНА

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде жиналыс өтеді.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әділет органдарын цифрландыру туралы» тақырыбындағы баспасөз конференциясы өтеді.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Қызыл орамалды шынарым» музыкалық драмасы қойылады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі ұсынылады. 

19.00-де Жастар театрында «Таптым. Ғашық болдым, Жоғалттым» мюзиклі сахналанады. 

19.00-де Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Боранды бекет» драмасы қойылады. 

Соңғы жаңалықтар