5 айда Қазақстанда 31,2 млн тонна мұнай өндірілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында 31,237 млн тонна мұнай өндіріліп, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 2,9% кему байқалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, жылдың алғашқы бес айында 5,263 млн тонна газ конденсаты, (-4,3% ), 23,14 млрд текше метр табиғи газ (-3,1%), 45,559 млн тонна көмір (-2,5%) өндірілген.
Сондай-ақ, 16,899 млн тонна темір кені (-2,6%), 46,673 млн тонна мыс кені (+12,8%), 9,683 млн тонна алтын құрамды кен (+26,8%), 2,071 млн тонна хром концентраты (+8,6%) алынған.