5 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 108,3 пайызды құрады - Е.Досаев

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - 5 ай қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 108,3 пайызды құрады.

5 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 108,3 пайызды құрады - Е.Досаев

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында 5 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының алдан ала нәтижелерін баяндаған ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев айтты.

Оның атап өтуінше, негізгі салалар бойынша өнеркәсіптегі индекс көлемінің өсімі 101,8 пайызды, ауыл шаруашылығында 101,1 пайызды, саудада 112,8 пайызды, көлікте 107 пайызды, ал байланыста 115 пайызды құрады. Құрылыста аталған көрсеткіш 99 пайызды құрады және өткен жылмен салыстырғанда өсім қарқыны төмен.

«5 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі 108,3 пайызды, ал тұтынушылық бағалар индексі 102,3 пайызды құрады»,- деді ол.