22:31, 27 Тамыз 2014 | GMT +5
5 айлық сәбиін аштан қатырған безбүйрек ана 12,5 жылға бас бостандығынан айырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербор қаласының Киров аудандық соты 5 айлық сәбиін жабық пәтерде аш қалдырған Алена Ипатованы 12,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлады ресейлік БАҚ.

Ол жазасын жалпы режімдегі колонияда өтейтін болады.
Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Ипатованы 19 жыл 5 айға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.
Тергеу материалдарына қарағанда, безбүйрек ана 2014 жылдың 14 қаңтарында өзінің 5 айлық баласын бос пәтерде қалдырып кеткен. Екі апта өткеннен кейін, 27 қаңтарда сәбидің мүрдесін оның 66 жастағы атасы тауып алған болатын. Дәл осы күні полиция қызметкерлері жас келіншектің қолына кісен салды.