«5 халықтық реформаны» табысты жүзеге асырып, болашағы біртұтас елге айналамыз - Н.Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін - Қазақстан тарихының жаңа беті ашылды, деп атап өтті ҚР Президентін ұлықтау рәсімі кезінде Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарланған.
«Біз ұрпаққа көркейген елді, нығайған бірлікті, мызғымас тұрақтылық пен еселенген байлықты мирас етеміз, дамудың даңғылына тың қарқынмен аяқ басамыз. 5 халықтық реформаны» табысты жүзеге асырып, болашағы біртұтас елге айналамыз», - деді Елбасы.