5 институционалды реформа аясында ішкі саясат байыпты өзгеріске ұшырайды - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 институционалды реформа аясында ішкі саясат байыпты өзгеріске ұшырайды. Бұл туралы бүгін Ақордада отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

5 институционалды реформа аясында ішкі саясат байыпты өзгеріске ұшырайды - Елбасы

«Жалпы, ең қауіптісі - мемлекетте қандай да бір жаңа бұрылыс жасау. Меніңше, бүгінгі күнге дейін жасалған мемлекетті құру, саяси реформаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бар. Кешегі сайлау халықтың сол бағдарды қолдайтындығын тағы мәрте қуаттады. Сондықтан да ішкі саясатты, сыртқы саясатты өзгертудің еш қажеті жоқ», - деді Елбасы.

Дегенмен, ҚР Президенті ішкі саясат 5 институционалды реформа аясында айтарлықтай байыпты өзгеріске ұшырайтынын атап өтті.

«Бұл мемлекеттік шығыстарды да талап етеді. Жаңа кадрларды дайындау, барлық іріктеу, аттестациядан өткізуді қажет етеді. Халық мемлекетке қызмет еңбекпен келетіндігін ашық көруі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы өз сөзінде автономды болатын үкімет конъюнктураға ықпал етпейтіндігін, ал саяси қызметшілер сайланатындығын айтты. «Қалғанын бұған дейін қалай жүргізсек, солай жүргізе береміз. Өйткені, дәл осыны халық қолдаған болатын», - деді ҚР Президенті.