5-қабаттан құлаған қостанайлық ауруханада көз жұмды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда ғимараттың 5-қабатынан құлап кеткен әйел ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық аурухананың бас дәрігері Самат Шүменбаевқа сілтеме жасап.

5-қабаттан құлаған қостанайлық ауруханада көз жұмды

Еске салсақ, 26 ақпанда қалалық ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен 1989 жылғы әйел түсті. Оның ғимараттың 5-қабатынан құлап кеткені нақтыланды.

 «29 жастағы әйел ауыр жағдайда түсті. Миына зақым келген. Ол есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды», - деп хабарлады қалалық аурухананың бас дәрігері Самат Шүменбаев.