05:25, 24 Ақпан 2019 | GMT +6
5 қалада ауа сапасы нашарлайды- Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі, 24 ақпан күні еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Ақтау, Қарағанды, Қызылорда, Талдықорған және Шымкентте жағымсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Қазақстанның өзге қалаларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.