5 қаңтар күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 5 қаңтар күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.
11.00-де «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің алғашқы жиыны мен орталық құрылысының салтанатты басталуы өтеді.
Бұл шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ден астам үздік спортшы қатысады.
12.30-да Промышленный тұрғын алабында Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» мекемесі мен волонтерлер жалғызбасты қарттардың үйіне барып, қар күреуге көмектеседі.
Фото: www.istockphoto.com