5 қаңтарда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, қар жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі, жел күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.
Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.