5 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 5 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
9.00-де «Sheraton Nur-Sultan» қонақ үйінде QAZFORUM қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V Форумы өтеді. Форумда «Қазақ интернеті: бүгіні мен болашағы» аясында қазақтілді медианы дамытудың жаңа трендтерін талқылау жоспарланып отыр.
9.30-да «Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі - экономикалық тұрақтылық пен дамуға жол» атты IV Ауыл әйелдерінің республикалық форумы өтеді.
10.00-де №6 кәсіптік лицейде «Ali group» ЖК Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы шағын футболдан турнир өткізеді.
12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Әділет әкімшілігінің алғашқы қорытындылары және сот реформасының барысы туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Канат Мусин және ҚР Жоғарғы Сотының ресми өкілі Айдос Садуақасов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
14.30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде «Орнықты экономикалық өсу, өңірлер мен бизнесті дамыту жөніндегі ұлттық жобаларды іске асыру» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев; ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жөребеков; ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев; ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев; ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов; ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов; ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Талғат Момышев.Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
19.30-да «Қазақстан» орталық концерт залында «Дисней әлеміне саяхат» концерті өтеді.