5 қазан күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 5 қазан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де Парламент Сенатының отырысы өтеді.
Күн тәртібінде Парламент Мәжілісі қабылдаған «Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңдары қаралады.
10.00-де ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында Нобель фестивальдың ашылуы өтеді.
10.00-де «Ақ жол» фракциясы «Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-процестік кодекс пен қылмыстық атқару кодексін жетілдіру туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын талқылайды.
11.00-де А-185 көшесінде «Қазпошта» АҚ Астанадағы ірі логистика орталығының салтанатты ашылуын өткізеді.
11.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ кеңсесінде Болат Жәмішевтің төрағалығымен жылумен жабдықтау нысандарын, желілер мен электр энергетикалық инфрақұрылымды күзгі-қысқы кезеңге дайындауға арналған Қоғамдық кеңес отырысы өтеді.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласындағы тапсырмаларын орындау туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикер: ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Хат» лирикалық драмасы қойылады.