5 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 5 қыркүйек күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Назарбаев Университеті және Қазақстан тұрақты даму шешімдерінің ұлттық желісі (SDSN Қазақстан), Қазақстандағы Horizon Europe ұлттық үйлестіру орталығымен бірге барлау мен негізгі металдарды өндірудің қиындықтары мен мүмкіндіктері туралы бірінші семинар өткізеді.

11.00-де Press club Silteme ғимаратында (Достық, 3) «Нәтижеге бірге жетеміз». «Байтақ» жасылдар партиясы су ресурстарын тиімді басқару үшін кадр резервінің жобасын ұсынады» атты баспасөз конференциясы өтеді.

12.30-да Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы мәдени алмасу жылы аясында ҚР Ұлттық музейінде корей суретшіcі У Наённың «У Наёнмен Қазақстанда кездесу: ертегілердегі ханбок» атты көрмесі ашылады. Көрмені Корея Республикасы елшілігінің Корей мәдени орталығы ұйымдастырады.

15.00-де «Жанұя» отбасы институтында Халықаралық келіссөздер академиясы медиаторларының қатысуымен отбасылық медиация бойынша кездесу өтеді.15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарды іске асыру туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Әмірханов Бақытжан Қадырбекұлы; ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Батырхан Жолдас Нұрланұлы; ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Абылайхан Ақерке; ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Сәрсенова Гүлнар Еділқызы; ҚР МАМ Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Есмағұл Ілияс Ізімғалиұлы. Теміртау қаласының қоғамдық бастамасының үйлестірушісі Дадыверин Сергей Александрович; «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорының басшысы Ақтаев Жандос Берікұлы; Қоғам қайраткер, блогер Нұркен Халықберген. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Жылыту кезеңі қарсаңындағы өрт қауіпсіздігі туралы» онлайн брифинг өтеді.

Спикер: Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығының міндетін атқарушы Ажар Рүстемова. Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.

18.00-де «Қазанат» ипподромында ұлттық спорт түрлерінің VI фестивалі өтеді.


Соңғы жаңалықтар