5 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде ауқымды антициклон ықпал етеді, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
None
None

Тек еліміздің солтүстік-батысы мен қиыр солтүстік аумағында төмен қысым әсерінен аздаған жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде жел соғады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.  Республикасының солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығының кей жерлерінде түнде және таңертең үсік жүреді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең, Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. 

Қостанай облысының  кей жерлерінде тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей  жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-2 градус үсік жүреді.

Соңғы жаңалықтар