5 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 5 қыркүйек күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
09:30-да Еуразия ұлттық университеті XX ғасырдың басында қазақ жазуын реформалаған, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы және жаңа Қазақстанның зияткерлік сабақтастығы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді
Өтетін орны: Қ.Сәтбаев к-сі: 2, ЕҰУ-дың басты ғимараты, 208 ауд.
11.00-де онлайн-көрсетілім форматында брифинг өтеді. Брифинг тақырыбы: «Мал ұрлығына қарсы іс-қимыл туралы». Спикер: Нұрсейітов Құдияр Асатуллаұлы – Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі.
11:00-де Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстандық қоғамдық даму институты алаңында «Жолдау – 2022: эксперттік пікір» атты «Sarap» эксперттік клубының отырысы өтеді. Қабанбай батыр даңғылы 11/5, Нұрлы-Орда БО, 6 қабат (конференц-зал)
16.00-де Мәңгілік Ел д., 57«А» мекенжайында базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған шешімді түсіндіруге арналған ҚҰБ-тың баспасөз-брифингі өтеді.
Фото: www.istockphoto.com